Директор блогы

Құрметті сайт қонақтары!

М.ҒАБДУЛЛИН АТЫНДАҒЫ №70 ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН ОРТА МЕКТЕБІНІҢ ДИРЕКТОРЫ БЛОГЫНА ҚОШ КЕЛДІҢІЗДЕР!

Алтын ұя мектебіміз оқушыларға терең білім беріп, жан-жақты дамытып, тәрбиелеп келеді. Сайтта берілген ақпараттық ресурстар білім беру үдерісіне қатысушы оқушылар, мұғалімдер, ата-аналар мен мектеп қызметкерлері үшін маңызды.
Бүгінгі Қазақстандағы білім беру ісіне, мұғалімге, жас ұрпақты тәрбиелеуге деген жаңа көзқарастар пайда болды. Білім беру ісіне жаңа көзқараспен қарау мектепке жаңа көзқараспен қарау деген сөз. Қай заманда болмасын шығыс әлемінде білімге деген талап пен талғамның ерекше болғанын жоққа шығармау керек
Тәуелсіз ел атанып, төбемізге ту тігіп, тіліміздің мәртебесін арттырып әлемге атымызды танытып жатқан кезеңде ұлттың, елдің болашағы — жас ұрпаққа білім беру мәселесіне ерекше көңіл бөлу керек.
Мектеп — барлық рухани өркениеттің ошағы. Ол бейне адам мәнерлейтін зауыт сияқты. Болашақтың саналы, сапалы адамдарын қолдан жасап, қоладан құйып алуға болмайды. Сондықтан өскелең ұрпақты жан-жақты тәрбиелеу — басты мақсатымыз болуы тиіс.
Өсіп келе жатқан ұрпақ – адамзаттың болашағы, жалғасы. Артта қалған ұрпақ саналы болса, адам баласының жер бетінде үздіксіз даму үрдісі жүреді. Болашақтағы мектеп — бұл мәдениеттің, білім мен тәрбиенің ошағы, жан — дүниеңді, эстетикалық талғам мен интеллектуалдық дамытудың, оқушының сана–сезімін жаңа денгейге тез жеткізу үшін мүмкіндік жасайтын үздіксіз білім берудің кешенді орталығы. Мектеп — жан-жақты дамуға жағдайлар туғызатын, адамның өз бетімен білімін жетілдіруіне жағдай жасайтын, таңдау мүмкіндіктерін туғызатын, еркін және шығармашылық тұрғыда қызмет жасауға мүмкіндік жасайтын ошақ болуы қажет. Бұл үйлесімді өмір мектебі. Болашақ мектептің басты міндеті ең алдымен, нағыз адамды тәрбиелеп шығу. Шығыстың бір ғұламасы: «Ғалым болу оңай, адам болу қиын» — деген екен. Бұл сөздің тұңғиық көк иірімі талайларды батырып ала жөнелетіні анық. Нағыз адам болудың мынадай шарттары бар: жан сұлулығы, мінез байлығы, көңіл дарқандығы , жүрек сезімталдығы, пейіл адалдығы, пиғыл тазалығы болмақ.
Сайтымызда берілген ақпараттармен сусындап, білім ордамызбен жақынырақ танысыңыз. Мектебіміздің өткізіліп жатқан іс-шаралар, мерекелер туралы мәліметтер осы сайтымызда уақыт сағатында жаңартылып тұрады.

Құрметпен, мектеп директоры
Кудайбергенов Дабылбек Ниязбекович