«3D үлгілеу» байқауы

2023 жылдың 23-24 қаңтар күні Қалалық техникалық шығармашылық орталығы Қалалық әдістемелік кабинетпен бірлесіп Zoom және Tinkercad платформаларын қолдану арқылы онлайн режимінде қалалық «3D үлгілеу» байқауын өткізді. Байқаудың мақсаты – 3D-үлгілеу саласындағы дарынды оқушылардың инженерлік білімін дамыту, ынталандыру және анықтау. Жарыста 5-9 сынып оқушылары бақтарын сынады. Байқаудың ұзақтығы онлайн режимінде 2 сағатты құрады. Байқаудың тақырыбы: ««БТР 70» 3D үлгісін жасау».
Байқауға қаланың 25 мектебінен 61 оқушы қатысты. Бағалау 4 критерийлер бойынша жүргізілді:
✔️ пайдаланылатын элементтердің жұмыс көлемі;
✔️ түпнұсқамен сәйкес болуы;
✔️ демонстрациялық материалдың сапасы,
✔️ жұмыстың дизайны, өзіндік ерекшелігі.

Байқау қорытындысы бойынша 6 "Б" класс оқушысы Кенжеғали Мадияр Алғыс хатпен марапатталды.