“Ұлттық заманауи бұйымдардың жасалу әдістері” тақырыбында облыстық шебер-класс өтті.

25 сәуір күні М.Ғабдуллин атындағы №70 жалпы білім беретін орта мектепте көркем еңбек пәні мұғалімдеріне арналған “Ұлттық заманауи бұйымдардың жасалу әдістері” тақырыбында облыстық шебер-класс өтті. Шебер-кластың мақсаты:Оқушылардың көркем еңбек пәнінде шығармашылық шеберлігін дамытуға ықпал ететін заманауи әдіс-тәсілдерді қарастыру,шығармашылық ойлау дағдыларын жетілдіру.Алғы сөз кезегімен”Өрлеу”БАҰО АҚ филиалы Ақтөбе облысы бойынша Кәсіби даму институты Қоғамдық гуманитарлық бағыт кафедрасының меңгерушісі Бухарбаев Болат Кайроллаевич , М.Ғабдуллин атындағы &70 ЖББОМ директорының оқу- ісі жөніндегі орынбасары -А.Ж.Муханбетова мен әдіскер М.К.Кожабаева сөз алды.Семинар аясында көркем еңбек пәні мұғалімдері өз тәжірибелерімен бөлісті.